2026 жылғы 14 қазан
Аннотация
«Ұлттық ойындар — ұлт қазынасы»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында № 9 және № 3 топ тәрбиеленушілері арасында қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Балалар «Таяқ тартыс», «Арқан тарту», «Қыз қуу» және «Асық ату» ұлттық ойындары бойынша қызықты сайыстарға қатысты.
Жарыс барысында тәрбиеленушілер ептілік, шапшаңдық, мергендік, күш-қайрат және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Іс-шара балаларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне баулуға, тарихи мұраға құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге және тәрбиеленушілер арасындағы достықты нығайтуға ықпал етті.
«Ұлттық ойындар — ұлт қазынасы» («Национальные игры — сокровище нации»)
В рамках единой воспитательной программы «Адал азамат» среди воспитанников групп № 9 и № 3 состоялись соревнования по казахским национальным играм. Мероприятие началось с исполнения Государственного гимна Республики Казахстан. Дети приняли участие в увлекательных состязаниях: «Перетягивание палки» (Таяқ тартыс), «Перетягивание каната» (Арқан тарту), «Қыз қуу» и «Асық ату».
В ходе соревнований воспитанники продемонстрировали ловкость, быстроту, меткость, силу и умение работать в команде. Мероприятие способствовало приобщению детей к национальным традициям и культуре казахского народа, воспитанию патриотизма, уважения к историческому наследию и укреплению дружбы между воспитанниками.